Адамның намыс келтіретін, ұят іс. ~ …Шағылып тауы, құлазып көңіл мекені, Түкенің астан оралған осы беті еді. Бәйгеде болған ұлының әбес қылығын Ойласа болды, өрт қарып ішін өтеді. М.Мақ. ~ Ол: «Сары майдай сақтаған бір сезім бар еді; сонымды айтсам қайтеді, Шынар?» демейді, қызының әрбір әбес қылығын, шалыс басқан қадамын бетіне басып, зекиді, кейиді, өкінеді, күрсінеді. Т.Әл. ~ Ондай еркектің нарқына әйелдер ғана қанық, өйткені олардың өздері де өмірге көп беріп, аз алады ғой, қалай десе де қыз-қырқын арбиған Абыралыға бал арасындай жабыса кетеді. Әбес қылықтарын кешіре салады. Қарашаш та Абыралы десе жалбырақтап тұрады, ұзақ уақыт көрінбесе: «Қайда жоғалып кетті? Не ғып келмей жүр?» — деп алаңдайтын. М.Қаб.
