Posted in

ӘБІГЕР САЛДЫ

Қорқытып, үркітті, қоқан-лоққы жасады. ~ Басыбар. Көрсет! Көрсетші, кәне, көзіме! Мені қуып келетін кім? Әлек пен әбігер салатын кім? Селдей басып, ауылыма ат ойнатып, қолымнан қызды тартып алатын кім? Көрін, ойбай, кезіме! Шық! Шық қарсыма! М.Әу. ~ Ізбасар елге даурығып, әбігер салып келетін. Жиналысқа да ол өзінің арнаулы адамдарынан басқаны қатыстырмайтын. Б.Мом.