Әдепті аяққа баспады. ~ Мен сізбен қоштаспаймын! — Онысын да түсінбедім. Жаман сөйлеген жоқпын, әддінен асатын Абақ емес. Мен көбіне-ақ ондай да жеткізбей қоюым мүмкін, артық, ағат кетпен. Б.Қыд. ~ Бірақ Марленімнің (иемденгеніме кешірім сұраймын) өлімін көтере алмадым. Қайта баланы аман туғаныма таңданамын. Ауру болдым. Ауруым күйіктен болды. Неге ғана бірге, құшағым жазылмай қайтпадым екен деймін. Артынша Оразды ойлап, ол асылықтан қайта қоямын, әддімнен аспайын деймін. Б.Қыд. ~ Шамдалды іздемедім, сіріңке шақпадым, жарыққа қам жасамадым. — Төсекке отыра беріңіз,— дедім Мақпырға. Енді қайда отырғызбақпын қонақты. Әлі де әддіден аспадым. Б.Қыд.
