Иба сақтады, сыпайылық көрсетті, әдет-ғұрыпты бұзбады. ~ Мұндайды тұңғыш көрген Тұрсын бөлек ыдысқа салып жеуді оғаш санаса да әдептен озған жоқ. Б.Тоғ. ~ Түсінік бере кетейін: Айшаның «Мағымбек» дегені, шынында, Сағымбек. Қайнағаның атын тура атамайтын тәртіп бар. Айша сол әдептен озбайды. Ш.Мұр. ~ Үлкенге сіз деп иіліп, Сыйласаң, ол да сүйініп, Мақтайды жақсы бала деп, Жақсыда ақыл-сана көп. Әрқашан озба әдептен: Әдеппен сөйлеп әдеттен. Е.Ашық.
