Posted in

ӘДЕТ ЕТТІ (ҚЫЛДЫ)

Дағдыға айналдырды. ~ Еркегі жоқ ауылды шабатұғын Кәсібің бе, сұлтаным, әдет еткен? І.Ес. ~ Төрде жатып төбедегі жұлдызды санауды әдет қып алған ол түннің бірталай уағын ұйқысыз өткізсе де, таң құланиектене шошып оянды. С.См. ~ Күнтуар Жаннат оқиғасынан кейін баласының тым босап кеткенін көріп сескеніп қалған. Ешкіммен сөйлеспей, жападан – жалғыз отыруды әдет еткен Дәниелді қайтсем қайтадан өмір сүрлеуіне түсірем деп әбден бәйек болған. І.Ес.