Posted in

ӘЗЕЛДЕ ЖАЗЫЛҒАН (ЖАЗҒАН, БҰЙЫРҒАН)

О бастан маңдайына жазылған (бұйырған) іс, тағдырдың жазмышы. ~ Бұл – Құдайдың жазуы, Өзгертпек пе жазуды?! «Анау көрім қазылған, Бұл әзелде жазылған»,– Де де, үндемей жүре бер! М.Жұм. ~ Бір жарқ ете қарағаннан жігіттердің жүрегін әуре-сарсаңға салатын Мария Терезаға талай мерген махаббат садағын кезеніп көрді, тек ешкім деп тигізе алмады. Енді тиді – ау дегенде, ол шетке тайсалып қалып, жебе ағашқа қадалды, не тасқа тиіп, күйреді, не босқа лағып кетті. Жүрек, сірә, әзелден бұйырғанын күтетін шығар. Міне, ол қазір тасадан шығып, қыз тағдырының ашық алаңына келіп түр. М.Кәр. ~ Жоқ, еркіммен дүниеде Болмас едім бөтендік. Жазса тағдыр әзелде… Қосса тәңірім: мен сендік… І.Жан. ~ Әзелде жазған пәрмені-ай! Тағы да сәлем айтайын. Қалың жатқан Сарымға, Бай менен жарлы көп жедім, Құдайдың берғен бағында. Шортанбай.