Posted in

ӘЗӘЗІЛДЕЙ АЗҒЫРДЫ (АРБАДЫ)

Жын-сайтандай, арбауыштай азғырып, жолдан тайдырды.
~ Ол, міне, Әбілқайырдың көзін де әзәзілдей азғырып, жіберер емес. Быжынаған жұлдыздар бірінен-бірі өтіп жыпылық қағады. Бәрінің де бұл білмейтін бір жұмбағы бардай. Ә.Кек. ~ Есім ханның жүйе – жүйкесі босап барады. Иіп барады. “Ғұмыр – тірлік толарсақтан саз кешкен ұйқысыз, күлкісіз жортуыл емес екен – ау. Апырай, солай ма еді? Әзәзілдей азғырған мені күй ғой. Күйші ғой!.. С.См. ~ Бала ханзада қос жанарын әзәзілдей азғырып, алақтатып алып бара жатқан қос қапталдағы алабажақ қауымға зер салмауға тырысып, оқтау жұтқандай сіресіп бақты. Ә.Кек. ~ Бұл кереғарлық оршүттерге қиын екен, қай дүкенге барсаң да, екі түрлі көздері екі жаққа қисайып, сөредегі әзәзілдей арбаған шөлмектерге телміріп тұрғаны. Т.Сәу.