Posted in

ӘЗІР ЖАУАП

Реті келсе де, келмесе де, жалма-жан сөз қайтарып, әрекет етуге дайын тұрған әпербақан адам. ~ Асыққанда “бас” десең, о да алақанына түкіріп: “мәмент” деп құлшына түсетін әзір жауап. Бір жолы онан “мәмент” деген не деп сұрап еді, сүйтсе, оны өзі де білмейтін боп шықты. Ә.Нұрп. ~ Еламан қолма-қол дерек қайтаратын әзір жауап емес еді; ол, әсіресе, осы жолы асықпады. Ә.Нұрп. ~ Оның әзір жауап ақындығы жөнінде ел арасыңда мынадай шумақ бар: Молда Бәйім Жакайым, Әзір жауап кісі екен. Бәйгі атындай шұбалған. БАҚ