Posted in

ӘЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ

Діни сенім бойынша жан алушы періште.~ Жаһандағы жаңалық атаулы Жаратқан иенің назарынан қашан тыс қалып көрген?! Әзірейіл періштені шақырып “анау шіркіннің жанын мұнда алып кел!” деп әмір беріпті. И.Сап. ~ Есте жоқ ерте заманда жаналғыш әзірейіл періште біреудің бетіне қараған жалғыз ұлын ажал шеңгеліне қысып, шыбын жанын көзіне көрсетіп қинап жатқан көрінеді. Етінен ет кесіп ап жатса бір сәрі ғой, әрі–беріден: «Ә, сені ме!» – деп жүндей түтіп жұлмалап зар еңіретіпті. Қаққанда қанын, соққанда сөлін алардай болып ызғарын төгіпті. Д.Дос. ~ Дүние төңкеріліп бара жатқандай, жарық күн сөнгендей опасыздыққа барғаны ойында жоқ; алақ–жұлақ кері бұрыла салып, жаналғаш әзірейіл періште жатқан үңгір қайдасың деп құлапәре дедек қағып, құйындай ұшып келе жатады. Құйындай ұшып келе жатып әлдебір тасқа сүрініп кетеді. Мұрттай ұшады. Тұмсығымен жер сүзе құлайды. Д.Дос.