Posted in

ӘЙ-ТҮЙГЕ ҚАРАМАЙ

Жалма-жан, салған бетте; ештеңеге қарамай. ~ Бұл жолы да тура Малжанның өз үйіне баса-көктеп енген жігіттер әй-түйге қарамай, байдың жағасынан ала түсті. С.Жүн. ~ Күреңбайдың манағы жағымсыз әңгімесін жай қоқан-лоқы деп білсе керек, оның шынайы мұрат-мақсатына енді көзі жеткендей ұрты суалып, дағдарып тұрғанда, бір бүйірден Жетібай сумаңдап жетіп келіп, әй-түйге қарамай Күреңбайға ауыз салды: − Уа, байеке, көш көлікті болсын! Қай жердегі жайлауыңа көшкелі жатырсың? С.Ом.