Posted in

ӘЙЕЛ ЖАНДЫ

Әйел баласына деген құмарлығы ерекше еркек туралы. ~ Ал сен неге, дірілдеп кеттің? Немене, бірдеңе білуші ме ең? Мейлі, Митеньканы адал-ақ дерлік (ол ақымақ болса да адал), бірақ ол — әйел жанды. Оның ішкі жан-дүниесінің бар мәні бір сөзбен айтқанда осы. Оның бұл арамза әйел жандылығы бұзық әкесінен ауысқан. Ф.Дос. ~ Көп ішінде кім жоқ. Жұрт алдында әйелін жаңа көргендей ұшып–қонып, құрақ ұшып, әдейі шыбын–шіркей боп жүретін еркектер аз ба? Әлгі қырсықты асқындыра түскен де солар еді. Зәуде бір конақтықта боп, үйге оралған жағдайда әйелі Исабековке: “Көрдің бе, қандай әйел жанды жігіт? Жұбайынан шығарда жаны басқа екен”, – деп, шынымен тамсана сөйлейтін. Ш.Айт.