Ымы-жымы бір, тату-тәтті еді деген мағынады. ~ Көдебай. Сен қызулаусың, Демесін,оныңды таста. Ішіне кіріп, әкей-үкей болып кет. «Жасасын» деп қолыңды ұра берсеңші. Б.Май. ~ Ірі чиндермен әкей-үкей болуды жақсы көретін Сатыбалды, батыста – Ыстапта тұратын, шығыста Капитанда тұратын әріптестерін, – «маңызды чинь болса тура тұрақ үйіме әкеп түсір, басқаларын қонақ үйге апар» деп тапсыратын. С.Мұқ. ~ Ел өсегінің жанды күйдіретіні де көп болады-ау: Никанурмен әкей-үкей араласқанымызды мың саққа жүгіртіп, «Ыбырай шоқыныпты» деп те өсектеді жұрт. Б.Май.
