Posted in

ӘКЕҢДІ ӨЛТІРДІ МЕ

Неге өшігесің, нендей кегің бар д.м. ~ Мына Асқар болып, жаның қалды,– деді Темірбек жұдырығын безеп, – әке-бабаңның аузын… Құныңды бір-ақ беретін!.. Жұмысыңды істейміз… Аштан қатыратын әкеңді өлтірдік пе, әкеңнің аузын… С.Мұқ. ~ Қуанның көзі сары қаншыққа түсіп кетті. Ол шойнаңдап бара жатып, артына қайырылып қарап өткен еді. Жанарынан ыза, кешірімсіз кектің ызғарын шалармын– ау деп күткен, тілсіз мақұлықтың жиренішін аңдағанда тіксініп, абдырай жалтақтап қалды: «О, малғұн, қайтеді– ей, о?! Уа, әкеңді өлтірдім бе сенің»,— деді еркінен тыс күбірлеп. М.Сүн.