Posted in

ӘКЕҢНІҢ (КӨЗ) ҚҰНЫ ҚАЛҒАНДАЙ (КЕТКЕНДЕЙ, БАР МА, ҚАЛҒАН ЖОҚ)

Не ақың бар; қандай өшің кетті деген мағынада айтылатын кекету сөз. ~ Әкеңнің көз құны қалғандай қылғытып едің ағын да, қызылын да араластырып. Отыр енді қақпанға түскен қасқырдай қыңсылап!» Т.Сәу. ~ Бір нәрсеге бел шешіп кіріскен соң, сол істе әкеңнің құны кеткендей өлермендік көрсетпесең батпан құйрық та, тегіннен- тегін жатқан құйрық та жоқ көрінеді. Қ.Ысқ. ~ Әй, ләухи! Әкеңнің көз құны қалмаса, мына балапан ағаштарды неге таптайсың?! Қ.Ысқ. ~ «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», біздің «Ақида» не әкеңнің көз құны бар-ей? Т.Сәу. ~ Баянның басында әкеңнің құны қалған жоқ, етекке түс! — деп әлдекім ақырып еді, Махмұт құлағына да ілмеді оны. О.Бөк.