Сазайын берді; жанын көзіне көрсетті; аямай ұрып-соқты.
~ Қаңтар ынжық, жасық адам болған, кім көрінгеннен таяқ жей берген, ал Ақпан, өзі ешкімге соқтықпайды екен де, соқтыққанның әкесін танытады екен … С.Мұқ. ~ Ал әлгі Жапоның не ойлайды? Керманның ол досы емес не? Досына болысар ма екен, жоқ әлде өзіме де жан керек дер ме екен?
— Жапонның қолынан не келуші еді. Хасан көлінің маңында біз оның әкесін танытпадық па! Б.Соқ. ~ Ағай, сөйтіңізші, Сейттің әкесін танытып, өшімізді бір алып беріңізші дейді. Б.Соқ. ~ Әй, Мұқасы, осы сен қатыныңды сабап көрдің бе? – дейді біреуі. – Е, неге сабамайды екем… әкесін танытам! Т.С.
