Posted in

ӘЛДЕ ҚАНДАЙ (ӘЛДЕҚАНДАЙ) БОЛДЫ

Мардымсыды, өзінше болды, бәлдене қалды, кісімси қалды. ~ «Әлдеқандай болып бәлденгенi несi, «кедейдiң кербезiнен сақта».., әулиесiнбей барсыншы әрi деген жаман ой келiп қала ма көңiлiне» деп, тағы да iштей қыпыжықтады. Жоқ, президенттiң райынан ондай нышанның iзi бiлiнбедi. Ә.Ыб. ~ Темірбек бір көтерілсе екіленіп тоқтамайтын жігіт екен: — Сендей бай-құлақтың құйыршығын құрту керек! Онысы несі-ей, әлдеқандай болып! Көзіңнің еті өсейін деген екен, өй, әкеңнің аузы… Б.Тоғ. ~ О, соры қайнаған сорлы Омарбек. Алдияр дегенге әлдеқандай болады». Б.Қыд. ~ Басшылардың біреуі келіп, үйінен шай ішіп, қона – түнеп аттанса, соған арқалары кеңіп, әлдеқандай болып қалады. Қ.Жұм. ~ Көптің назары біртіндеп добал бас балаға ауды. Оны бала да сезгендей. Бірдеңені тындырып тастағандай маңайына мойнын соза-соза қарап, әлдеқандай болып отыр. М.Қаб.