Posted in

ӘЛДЕ НЕ

  1. Бір нәрсе, бірдеңе. ~ Көңілге бір алаң орнапты. Әлде не алыстан қылаңдағандай беймаза бір тынышсыздық бар. Ғ.Мүс. ~ Жүзімнен әлде не іздегендей қара көзін ол қыдыртты да, «шіркін осы мүсінің, қалыпқа құйғандай осы сұлу мұрның, мөлдір тұнық осы көзің… не айтсаң да әрқандай қуды сендіретіндей-ау! –деген оймен телмірдім. Қ.Шаб. ~ Жалын мен Жарбол сондай кантенерлердің арасындағы бір алаңқайға келгенде, Жарболдың алдына әлде не топ ете түсті. Қараса бір буда ақша. Ж.Шәк. ~ Баукең менің бұл сөздерімді тыңдаған жоқ, әлде не ойына түсіп кеткендей, басын төмен салып, үнсіз отырды. Сәлден кейін барып еңсесін көтерді. Ә.Нұрш.
  2. Әлде қандай. ~ Осы сықылды хабарды есіткен соң, Қартқожа Семейге бармағанына артық өкінген жоқ. «Заман әлде не болады» деген ойға қалды. Ж.Айм. ~ Әлде не уақытта бала ұйықтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап, ұйқыға кетеді шеше. Қ. Бег. ~ Өмірбек әлде не оймен майлы көзін жұма жымиып, сыртқа шығып кеткен соң сөйледі:
  • «Лажысыздықтан әрең қойып жүрміз» дедің бе?… Қ.Шаб.