Әбігерге түсіріп, мазадан айырды; әуре-сарсаң қылды, итін шығарды. ~ “Бәріне сен кінәлісің!” деп Қара шалға кектенемін. Неге менің ішіме кіріп ап әлек салдың? Басқа адам құрып қалды ма? Т.Сәу. ~ Енді жұмыс бітті деп отырғанымызда Ақтан қу атқамінер-лерден топ жиып, осы келінді қатын үстіне аламын деп әлек салғанын білемісіңдер?.. Б.Май. ~ Бір кұм желі басында ойнақтап жүрген қысырдың тайын ұстап үйретіп бер, мінемін деп әлек салды емес пе. О.Бөк. ~ Осыған дейін бір ашып, бір жұмып әлек қылған сап-сары көз жанарын түгел көрсетті. Ә.Нұрп.
