Кез-келген жауға төтеп беруге бар; әлдебір іске қылшылдап сақадай сай тұр. ~ Түнгі жортуыл, аттың екпіні, қасындағы әлекедей жаланған қарулы кеп жолдас Қартқожаны желіктірді, қыздырды. Қайда бара жатқаны да есінен шығып кетті. Ж.Айм. ~ Дәрмен сықылды ерлері тұрғанда, Алабас сықылды таулары, гүл аңқып, масатыдай құлпырған жерлері тұрғанда, әлекедей жаланған жасөспірім жігіттері тұрғанда, қазақты ешбір жау ала алмайтындай көрді. Ж.Айм. ~ Ал бастарына ақ орамал тартып, жорға мiнген қырық-елу даяшы жiгiттер әлекедей жаланады. К.Сег. ~ Сөйтіп, міне енді базардамыз. Сататын нәрселеріміздің атын атап, қотара сатып алатын адам бар ма деп, хабарлап үлгергенімізше, әлекедей жаланған бірнешеу бізді қоршап та алды. Б.Соқп. ~ Ертеңінде қар да, бұлт та зымзия, әлекедей жаланған сары аяз ғана буып тұр. М.Қаб. ~ Өңкей әлекедей жаланған, “мен атайын, сен тұр” дейтін қарулы жігіттер жылқы ұрлаған жерден тың аттарды ауыстырып, ізге түскен. Бәрінің қабағы қатулы, ең қадірлі бабаларының асын беріп, құдай жолында ақ намазға ұйығандай болған керей жұртын басынып, малға қол сұққан белгісіз ұрыларды қуып жетсе, табан аузында жүндей түтетін ордалы қасқырлар сияқты. С.Жүн. ~ Тұмақтарының бауын жымырып байлап, ықшам киініп, шекпендерінің етегін белге қыстырып, немесе ышқырланып алған, әлекедей жаланып келген, «Іздегенге сұраған» ителгі көздің өздері болатұғын. Ат айылын төстеп тартып, анталаған қомағай
көзбен тойымсызданып, солар келіп жеткенде мұны көрген мол санды дүңгендер үдерісіп бұлардан өзгеше қимыл күткендей болысқан… Ж.Ахм. ~ Институтты жаңадан бітіріп келген, аққұбаша сұлу жүзі мен сымбатына, оймақ ауыз, күлімкөзіне жарастырып сәнді киініп, құйрық-жалы өріліп, кекіліне үкі тағылған бәйге атынша әлекендей жаланып, жұтынып тұрған, бәрімізге бірдей жылы қабақпен қарайтын мұғалім қыз білімді, ибалы, инабатты, жайдары, ашықжарқын. Ш.Рах.
