Posted in

ӘЛІМҰЛЫҚҚА ЖЕТТІ

Жетісті, ұшпаққа шықты. ~ Ә- ә, жазғыштарда қашан ақша болушы едi? Ала қағазды шимайлап, әлiмұлыққа жетемiн деп жүрмiсiңдер? — дедi де сыңғырлай, тоқтаусыз күлдi мәз- мажыра қалыпта. Ж.Шағ. ~ – Әнең қара, қырық жыл қаракөлдің соңында салпақтаған мен байғұстың қалағанымды әперіп, үлде мен бүлдеге орапсың–ау, жаман қатты, – деді де, ізінше даусында әлдеқандай аяушылық, шексіз мейірім сызаттанды. – Денсаулығыңды жоғалтқаннан өңге не таптың, бейшара–ау! Әтеңе нәлет, адам қой соңында жүріп әлімұлыққа жетпейді, ұшпаққа шықпайды. Ж.Шағ.~ «Лағынет атсын ондай сұмдық салтты! Қарғыс атқырлар–ай, кімнің асыл текті, кімнің қара сүйек екенін қайтіп анықтамақшысыңдар? – деп күбірледі. – Баяғыда ұмытылған жексұрын ғұрыпты қайта тірілткенде бұл қазақ әлімұлыққа жетіп, ұшпаққа шықпақшы ма?!» Ж.Шағ.