Дандайсыды, кеудесіне нан пісті. ~ Айтқанда нені айтушы ек! Бұл сығыр әлінен әбден асты ғой, — деп отырып, бағанадан тырс етпей тынған суық адам өз ішіндегі зіл – ызасымен түнеріп алды: — Шешіп көрсетші, жота терісінен таспа алып қоя беріпті! Ж.Ахм. ~ Асан атаң міне осыларды айтты. Замана шортандары әлінен асып, қарағай басында жүр. Олар осылайша табиғат ананы, ешкімге тәуелді болып көрмеген еркін мекеннің шамына тиер болса жер атты мекендерің жалғыз-ақ күнде күлге айналады. Ж.Шәк. ~ Мылтық шықса оқ-дәрісін жоқтайды. «Жоқ еді, таусылып еді, біреуге беріп ем, сатып жіберген едім» дегеніңе сенбейді. Дүреге жатқызады. Кеудесіне нан піскен мынау сонакөз пристав әлінен асып, қазақ әйеліне қырындапты. Қорқытып зорлық жасауға ұрыныпты. Ғ.Біл.
