Бұйрықты бұлжытпай орындады. ~ Ыбырайым пайғамбар Алланың әмірін екі етпей, Ысмайылды құрбандыққа шалмақшы болып жатқанда, Алладан тағы хабар келді: – Ей, Ыбырайым баланы босат. Оның орнына мына қошқарды шал! – деп аспаннан көк қошқар түсірді. Ш.Мұр. ~ Жоқ, шал. Алла әділ. Ол таққа отырғызу үшін ерік-жігерімді матап, ұзақ сынады, – деді Махмұтдин. Бар азабына төзіп, әмірін екі етпейтінге ғана билік беруге болатынын Жаратқан анық біледі. Г.Бел.
