Ақыл-ойсыз, парықсыз, миғұла адамға қатысты айтылады ~ Республика басшылығына орыс нәсілді басшы келіп еді. Қазаққа қарсы құтырына іс бастап, әңгі есектей әкіреңдеп шыға келді. Қ.Ерг. ~ Әлібидің Ер Шора найзасын тартып алады. Жылдамырақ Әліби қылышқа оңтайланады. Әңгі есектей ақырып, үш мәртебе шабады. Сол уақытта баяғы Бабай Түкті Шашты Әзіз қылышты жылдам қағады. Н.Рах. ~ Ашуға мінді Қабыршақ. Адамда жаман сол еді Сақалы ұзын ақымақ. Айқайын салып келеді, Бақырауық неме еді, Әңгі есектей аңқылдап: «Қораз, Дараз, Алшыораз, Қайдасың, деді, Қарымсақ? “Қамбар б.”
