Posted in

ӘҢГІМЕ (-НІҢ) ТИЕГІН АҒЫТТЫ

Еркін сөйлесті; әңгіме-дүкен құрып, ойындағысымен бөлісті
~ Шың Шысай асыға күткен Абай да зорға жетті. Оны оңаша қабылдап, әңгіме тиегін еркін ағытқан Шың мырза өз қуанышын жасыра алмады. Ж.Шәк. ~ Соңғы кезде көлемі ұлғайып, жеміс ағаштары молайған шағын бақтың ішіндегі отырғышқа досымен қатар жайғасып, әңгіме тиегін ағытты. Ү.Жлк. ~ Дос– жарандары, құрбы– құрдастары сондайда Оралханның, үйіне жиналып, аяулы жары Айман жасаған мол дастарқанның басында отырады. Орекем сондайда шешіліп, көсіліп, түйдек– түйдегімен сан алуан әңгіме тиегін ағытады. Ш.Мұр. Белгілі ақын Сабыр Адаймен кездесе қалған сәттерде өткен- кеткен әңгіменің тиегін ағытатынымыз бар. О.Көш. ~ … төр басында малдас құрып отырған ол небір әдемі әңгіменің тиегін ағытып еді. Д.Әш.