Posted in

ӘҢГІР ТАЯҚ ОЙНАТТЫ

Қорлық көрсетті, қоқан-лоққы жасады, біреудің басына зобалаң тудырды. ~ Әлсіздерге ойнатқан әңгір таяқ, Саған да бір зауал шақ – туар заман. Тағылардың тағысы бөлексің де, Сенің қаңқаң итіме керексің бе. М.Мақ. ~ Осы тамақты «чахохбили» деп бір грузиннің алдына қойса бар ғой, аспаздың басына сөзсіз әңгір таяқ ойнататын еді. Т.Бер. ~ Ши көшенің басында тұратын Қатипаның басына көршісі Кәмалия әңгір таяқ ойнатқан екен, оның да амалы табылыпты… А.Сәб. ~ Бір кездері сойқан-сойқан солақай саясат төбемізден әңгір таяқ ойнатты ғой. Шетелде туыс-туғанымыз, жұрат-жегжатымыз болса да “қос жүрек”, “іште тұрып, шетке байланған” болдық. Хат алып, хат жолдасақ та от ұстағандай болдық. Құдай көрсетті ғой оған да. Кезекті дүние деген сол. Т.Рыс.