Posted in

ӘҢКІ-ТӘҢКІСІН ШЫҒАРДЫ

Астан-кестен қылды, есін шығарды. ~ Жаңа бағдарлы өкімет түгілі, әбден қалыптасқан өкіметтің өзінің әңкі-тәңкісін шығаратын қылық еді ғой ол. Қ.Ерг. ~ Содан соң, Бегей біздің əңкі-тəңкімізді шығарды. “Оқытушыны оқушыларының алдында жығып берем дегендерің не масқара!” З.Қаб. ~ Асылбектің қайтыс болған бірінші әйелінен қалған үрпек бас сары бала Жамаш, әкесі жоқта әріптестерін ертіп келіп, опыр-топыр ойнап, үйдің әңкі-тәңкісін шығарып кетеді. Т.Әл.