Posted in

ӘП БӘЛЕМ

Табалау, мазақ ету, “өзіңе де сол керек” д.м. ~ Машина амалсыздан кілт бөгеледі. Өкшелеп қуып келе жатқан қою шақ сол кезде әп бәлем дегендей, үстімізден басып қалады. Б.Соқ. ~ Айда Алматыға барған соң «Ара» журналының бір бетіне директорды сынап, суретті жариялап бұрқ еткіздім! Әп, бәлем, көрдің бе? Айтқанды істемеген қандай болады екен! Ә.Ысқ. ~ Жорға қуғыншылардан алыстай берді. «Әп, бәлем, енді жетіп көр!» деп Тоқтар тақымын қыса түсті. Б.Тоғ.