ТӘРЖІМАН

АЙМАУЫТОВТЫ ҚАЛАЙ АУДАРЫП ЖҮРМІЗ?

“Бісміллә!” деп көптен бері көкейде жүрген бір үлкен істі бастап жіберсем бе деп отырмын. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ әдебиетінің заңғар биігі екенін, оның өз пешенесіне жазылған азғана ғұмырда артына қалдырған ұлы мұрасының маңызы туралы әңгіме қозғамай-ақ қояйын – ол туралы жазып жатқандар аз емес, қорғалып жатқан ғылыми еңбектер мен алынып жатқан атақтар да жетерлік сияқты. Мені көптен қызықтырып, тіпті алаңдатып жүргені — біз өзіміздің алып тұлғамызды, әдеби Алпамысымызды басқа елдерге, ең алдымен, әрине, орыстілді оқырманға қалай жеткізіп жатқанымыз. Бүгіннен бастап өзімнің о баста осы мақсатта ашқан ФБ-дағы “ТӘРЖІМАН” тобымда Жүсіпбек Аймауытовтың орысшаға аударылған дүниелеріне талдау жасауды қолға алып отырмын. “АҚБІЛЕКТЕН” бастамақпын. Иә, сәт!

Романның қалай басталатынын көзі қарақты оқырмандарымның бәрі біледі деп ойлаймын. Жүсіпбек Аймауытов өзіне ғана тән ғажайып, қайталанбас стильде – қара өлеңмен желдірте бастап, бірден еліктіріп әкетеді де, біраз жерге шейін оқырманның аяғын жерге тигізбей әуеге, әдемі әдеби әлемге жеткізіп салады. Оқырманның артқа бұрылып қарауға да шамасы жетпей қалады. Міне, былай:

“Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар.

Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.”

Ғажап па? Ғажап. Нақты ма? Нақты. Артық сөз бар ма? Жоқ. Әр сөзі ойнап тұр, әр сөзі оқырманға қажет деректі алға тартып тұр.

Ал, енді орысшасына көшейік. (Бісмілләні осы жерде айту керек екенін көп ұзамай түсінеді екесің.)

“Усть-Камня край. На правом бреге Бухтармы явил себя на целый белый свет Алтай. Там, где срывается с южных алтайских высот, струясь в парении, Иртыш, затаился пленивший осень округ Куршим, первозданная тишь.”

“Бісміллә!” дейін бе, “Астағыпыралла!” дейін бе? (Діндар бауырларым, айтып жіберіңдерші). Мынау не шатпақ? Не мазақ? Аймауытовты осылай аударсақ, басқаларымызға не жорық? Екі-үш жол мәтінде неше түрлі қате өріп жүр! Қатесі былай тұрсын, аудармашы автордың не айтып отырғанын түсінбейді! Сенесіз бе?! Жарайды, рет-ретімен айтайын. Алдымен “Усть-Камнясы” несі? “Усть-Камень” деп жергілікті орыс-казактарға көрсеткен ілтипаты ма? Айналайын-ау, бұл географиялық карта емес, әдеби шығарма емес пе?! Ал әдеби шығармада ең алдымен автордың көзқарасын, стилін сақтау керек екенін осындай ҰЛЫ туындыны аударуға тайсалмай кіріскен тәржіманымыз қалай түсінбейді?! Екінші – “крайы” несі? Қайдағы край? “Край” деген сөзді қайдан алған? “Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар”. Кәне “край”? Екінші сөйлемі: ” На правом бреге Бухтармы явил себя на целый белый свет Алтай.” “Брег” – “берегтің” поэтикалық баламасы ретінде берілгені түсінікті. Аудармашы автордың поэтикалық стиліне бір табан болса да жақындағысы келгенін түсінуге болар ма еді, қайтер еді, бірақ дәп осы “брегің” аудармашының өз сөз саптауына сай келмей тұр. Жарайды, бұған көңіл аудармай-ақ қоялық делік. Әрі қарай. “… явил себя на целый белый свет Алтай“. ” явил себяға” кейін тоқтайын, алдымен “целый белый светке” көңіл аударалық. “Белый свет” – фразеологизм, мағынасы “Земля со всем существующим на ней; мир, Вселенная”. Яғни “белый свет” дегеніміздің өзінде “целый” деген мағына жүктеулі. Басқаша айтқанда “целый” бұл жерде мүлдем артық. “Целый белый свет” – бұл өрескел стилистикалық қате. Орыстар мұндайда “масло масляное” деп келемеждейді. Қазақшаға аударсақ “Тұтас бүкіл әлем” болар еді. Әрине, ұят нәрсе. Енді “явил себя“-ға оралайық. Қазақшасында “әлемге аян“. Яғни бүкіл әлем білетін. Ал орысшасында “явил себя” . Яғни әлемге өзін көрсетті, танытты. Айырмашылықты сезесіз бе? Орысша мәтінде Алтай өтпей отырғандай өзін біреуге танытып әлек. Осы сөйлемді тұтас оқып көрелікші. ” На правом бреге Бухтармы явил себя на целый белый свет Алтай.” Бұқтырманың “оң жағында отырып” өзін әлемге танытқанына жол болсын! Алтай өзін бүкіл әлемге көрсеткен болса, өзі Бұқтырманың оң жақ тасасында жатса, онда Бұқтырманың қандай болғаны? Жә, әрі қозғалайық.

“Там, где срывается с южных алтайских высот, струясь в парении, Иртыш, затаился пленивший осень округ Куршим, первозданная тишь.” Жазғанның мына жазғанын түсіну үшін бір диплом аздық ететін сияқты. Мүмкін, түпнұсқа мәтінінің көмегі болар?

” Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар.

Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.” Түпнұсқада бәрі айдай анық, күндей әсем. Түп нұсқада Алтайдың күнгейінен құбылаға аққан, күр-күр етіп ағып барып Ертіске түскен Күршім өзені туралы айтылады. Солай емес пе? Қателессем, түзетіңдер. Ал орысша тексте ше? Орысша мәтіннің “апторының” жағрафиядан да хабары шамалы екен. Аудармашы автордың ойын өрескел бұзып, Алтайдың күнгейінен Күршімді емес, Ертісті ағызып қойыпты. Аудармашыны жаңылыстырғаны Жүсекеңнің “Ертіске түскен” демей “Ертіс түскен” дегені болса керек. Бұл қазақ тілінде жиі кездесетін құбылыс екенін аудармашы қайдан білсін! Ондай аудармашылардың жүз жылдан кейін өз шығармаларына ауыз саларын Жүсекең қайдан білсін?! Әйтпесе, ежіктеп, “Ертіске түсті” деп “дұрыстап” жазар ма еді, қайтер еді?! Мұндай көзге ұрып тұрған өрескел қателерден кейін стилистикалық кемшіліктерге көңіл аударудың өзі пендешілік пе деп қалады екесің. Дегенмен, “өлгеннің артынан өлу жоқ”, жалғастырайын.

Аталмыш сөйлемді “көркем” аудару үшін аудармашы бар өнерін салған сықылды. Бірақ, нәтижесі… Өздерің қараңдаршы.

” Там, где срывается с южных алтайских высот, струясь в парении, Иртыш, затаился пленивший осень округ Куршим, первозданная тишь.” Осы жердегі “срываясь” ” алтайские высоты” дегендер түпнұсқада жоқ сөздер. “пленивший осень округ (“округ” “вокруг” сөзінің “поэтикалық” нұсқасы болса керек. “берег” – “брег” ; “вокруг” – “округ”, керемет, иә?!) “Затаился” деген сөзді аудармашы тығылып жатқан жерінен тауып, дірдектетіп алдымызға әкелген сияқты. Түпнұсқадан көрмедім. “Пленивший” де адасып келген сөз. Тіпті кімді кім “пленить еткенін” түсіну қиын. “Первозданная тишь” де қайдан келгені белгісіз. Мұның бірі де Аймауытовтың мәтінінде жоқ. Сонда бұл не сандырақ, то есть мәтін, кімнің сандырағы, то есть мәтіні? Тағы да қайталайын, қазақ әдебиетінің қасиеті ұғымына айналған Жүсіпбек Аймауытовты осылай аударар болсақ, басқа қаламгерлеріміздің жағдайы не екен? Жә, бүгінге жетер… Бораш Кәкен.

МЕНІҢ ТӘРЖІМЕЛЕРІМ / МОИ ПЕРЕВОДЫ

Бүгін мен осы айдармен өзімнің ес білгелі айналысып келе жатқан өнерім һәм кәсібімнің кейбір озық үлгілерімен таныстырып отыруды қолға алмақшымын. Бұл материалды осы аккаунтымда және “Тәржіман” атты тобымда қатар басып отырам. Оқыңыздар, түпнұсқамен салыстырып отырып, қажет деп тапсаңыздар, аудармама баға берерсіздер. Егер осы бастамама қызығушылық болса, әрі жалғастырармын. Аудармашыларға, әсіресе жастарға, соның ішінде қазақшадан орысшаға аударушылардың кәдесіне жарарына сенімім мол. Алдымен авторын көрсетіп, түпнұсқаның бір бөлігін, сосын дәл сол бөліктің өзім жасаған тәржімесін жариялап отырмақшымын. Сонымен, бастайық.

Тұрысбек Сәукетаев АЛТЫНШЫ ОҚ

Әңгіме-реквием

Тұрысбек Сәукетаев АЛТЫНШЫ ОҚ

Әңгіме-реквием

Кеш түсе Құлансазда жел гулейді жағы сембей. Сарнауық жел үңірейген кеңістікке үрей үрлегендей, дел-сал бейуақ селк етіп, түршіге діріл қағады. Шөп басы қобыз шалып, сусылдап, сыңсып зар төккенде, сан-санақсыз жылап-сықтап, өкіріп-өксіген дауыстар қайта тіріліп, күңірене жөнеледі. Қылта қаққан қау селеу мен бидайық боз қырау шашын жайып, арлы-берлі теңселе боздайды.

Көз байлана жылаулы далада ымырт қойнынан үзіле мың-сан аруақ ұшып-ұшып тұрады. Ақ кебінін сүйретіп, бір-біріне соқтығыса теңселіп, Құлансаздың төсіне сыймай кетеді. Әр қайсысы өз зарын айтып, у-шу шырылдап жылап таң бозарып атқанша жүреді екен. Ел аузындағы аңыз солай дейді…

Аумағы атшаптырым атырапқа мал келмейді, жан баспайды. Керуен жолы көгалды кең жазықтың жиегіне жете бере жалт бұрылып, сырт айналып кетеді. Селеуіне дейін сыңсып жылап, аруақ кезген бұл жерге маңайдағы жан баласы аттап басқан емес. Алда-жалда жүрегі дауалаған әлдекім әуестік билеп Құлансазды аралай қалса, шалғын арасынан ағараңдап, бүкіл алапта шашылып жатқан ақ сөңке сүйекті көрер еді.

Қара түнде Құлансаздың суық желі не деп сыңсиды?

Қара түнде Құлансаздың шалғыны не деп сыбырлайды?

Турысбек Саукетаев. ПОСЛЕДНЯЯ ПУЛЯ.

Рассказ-реквием. Перевод Бораша Какен.

С наступлением сумерек ветер в Кулансазе воет непрестанно. Заунывный плач словно заполняет зияющее пространство трепетом и ветер, то и дело содрогаясь, пронзительно всхлипывает и зловеще гудит. Тоскливым вздохом скользит по верху трав неустанный гул, подобный горькой жалобе кобыза и неумолчный хор плачущих и стонущих духов–аруахов оживает в ночи вновь и вновь. Густые заросли ковыля и пырея в едином порыве качаются в плаче, распустив по ветру поседелые волосы. В густеющих сумерках, высвободившись из объятий ночной мглы, тысячи и тысячи аруахов – духов поднимаются и встают во весь рост. Волоча за собой белые саваны, тыкаясь друг в друга и лавируя в толпе себе подобных теней, они заполняют лощину Кулансаз от края и до края. И каждый из них в горьком причитании повествует свою страшную историю, делится своим неизбывным горем и в шуме и горестном хоре пребывают в поле до самых проблесков восходящего дня. Так гласит людская молва…

В этой широкой окрестности ни скот не пасется, ни люди не ходят. Караванный путь резко сворачивает, едва достигнув зеленую равнину, и торопливо обходит ее стороной. В стонущую ковыльную степь, где бродят духи мертвецов, не ступает нога ни одного жителя окрестностей. А если какой–нибудь самонадеянный бедолага и решится из любопытства пройтись по Кулансазу, то в густых зловещих зарослях он увидит разбросанные там и тут белеющие человеческие кости и нескоро придет в себя.

О чем в ночи голосит холодный ветер лощины Кулансаза? Что шепчут во тьме зеленые с проседью луга?

(Жалғасы бар)