Posted in

ӘР (БАСҚАН) АДЫМЫН АҢДЫДЫ

Не істеп, не қойғанын түгел бақылады. ~ Кеудесіне кіріп алып, әр адымын аңдып, тежеп ұстайтын қатал сыншы да ғайып болды. Т.Ахт. ~ Бұрын өзіне қарсы кеп, әр басқан адымын аңдып отырған Орта жүз ханының өз жағына шығатын құлқынын сезген Қалден Церен қырық бесінші жылы орыс бекіністері мен қазақ жерінің іргелеріне жиырма мың қарулы әскері мен жол салуға арналған жеті мыңдай адамын әкеп қойды. І.Ес.