Не істеп, не қойғанының бәрі, тыныс-тірлігі. ~ Мұны айтып отырғаным, бір адамның әр басқан қадамын, тіпті мінезіне дейін қазымырланып зерттей берсең, құдай түйсіксіз қылып жаратпаған соң, ол туралы әйтеуір бір пікір қалыптасады екен. Т.Жұрт. ~ Кешке жиналғандардың бәрі әр басқан қадамы тарихта қалуға тиісті осынау ұлы адаммен бірге отырғандықтан өздерінің болмашы оғаш қылықтары да тарихта қоса қалып қояма деп қорыққандай өте сақ, сыпайы, жинақы отырды. Т.Әбд. ~ Әр басқан қадамының кейінгілерге теріс болып көрінетіні, онымен қоймай ақыл үйрететіндері қинайды ғой бұл
шіркінді. К.Сег. ~ Сөйтіп естияр хайуан тіршілік иелерінің әр басқан қадамы қауіп пен қатерге толы екенін, өмір үшін күреске әрдайым дайын болмасан, анау қарағанды өзекте жайрап қалған кер жабағыдай от оттап, су ішуге зар боласың дегендей табиғат занының тылсымын түйсінген. Ө.Кәр.
