Posted in

ӘРІ ИТЕРІП, БЕРІ ЖЫҒЫП (ЖЫҚ)

Қақпақылдап, бір-біріне сілтеп, берекесін кетіріп әрекет ету туралы. ~ … омырауы жыртылған, бетіне құм жұққан, шашына шөңге жабысқан… әрі итеріп, бері жығып дегендей шофер бала екеуі қолдасып бетіне опа жаққан әнші маймылды, сосын қорбаңдаған бастық маймылды әрең дегенде кабина ішіне кептеп тықты. Д.Дос. ~ Қолынан келген жақсылықты осылай кісіні ары итеріп, бері жығып, қылжақтап отырып та істейтін қойқаңдаған көңілді біреулер болатын сияқты еді. Ә.Нұрп. ~ Оныдағы “шырағым… қарағым…” деп епке келтіру оңай емес. Өйстіп әрі итеріп, бері жығып, местегі қымызша шайқалып шытынап отырғанда түс ауып, күн екіндіге ойысады. Д.Дос. ~ Ел болып, ауқымдасамыз деген тілек үстінде әрі итеріп, бері жықты қойыңдар. С.Ом.