Әрі-сәрі күйге түсірді, тәлкек қылды. ~ Рәуіш осылай деп сөзінің соңын әлденеге шаптырып сиқырлана күліп жіберді. Осы күлкіде әрі итеріп, бері жыққандай ерекше тартымдылық бар екен, Қанат соған еліткендей үнсіз отырды. Ғ.Сл. ~ Ары итеріп, бері жығып, сөзбен біраз қаржасып алған соң, мұндай «шайқастарда» қашанда омақасатын әдеттіммен тағы да әйелдің уәжіне жығылдым. Т.Сәу.~ Жақын тұтқан адамыңнан көңілсіз жағдайға ұшырай қалсаң, сен оны қимай, ол сені қимай, әрі итеріп, бері жыққан бір мезетке душар келсең қайтер едің? Ғ.Сл. ~ Айбарымнан айрылсам тұлдырсыз өмір, ит тіршілік, әрі итеріп, бері жыққан баянсыз қызмет опа болар деймісің. Д.Дос. ~ Сол Алаш азаматтары дегенде неге бас-аяғы 4-5 адамның атын атап, басқаларын «ұмыт қалдыра» береміз? Тіпті, С. Қожанов, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллиндер төңірегіндегі әрі итеріп, бері жығудан тарихымызға келер пайда мен зиянның қайсысы басым екенін де таразылай алмауымыз неліктен? М.Кенж.
