Posted in

ӘРУАҒЫН СУДАЙ САПЫРДЫ

Аруағы қозды, қаһарына мінді. ~ Садыр шықты ақырып, Әруағын судай сапырып. Қазақтан барған батырдың, Айдады бәрін жапырып. “БС” (“Жәнібек батыр”) ~ Боз Мұнай бай ақырды; Әруағын судай сапырды: «Шақырса да, бармаймын; Бұл сөзіңе нанбаймын; Малға берсе сол қызды, Бір тайға да алмаймын». А.Байт. (“Ер Сайын”) ~ Желігіп келген Ер Тарғын 840. «Алда», – деді, ақырды, Аруағын судай сапырды. «Иә, бабам» дей берді, Жарандар қамын жей берді. “Ер Тарғын”.