Posted in

ӘУЕНІНЕН ЖАҢЫЛДЫ

Үйреншікті әдетінен, ежелгі дағдысынан айрылды. ~ Ерні шүршигенмен ысқырығы жоқ, иыққа мінген төрткөз тажалдың әбітерінен, жан -алқымнан алған жанашырлығынан әуенінен жаңылып қалған Асекең, мына пәлені қайтсем екен дегендей кесеге үңіліп отырып қалды. Қ.Ысқ. ~ Сәлден соң күтір етіп көк қаусағандай қаһарлы дабыл денесін дір еткізді. Бұл От әуенінен жаңылып қалған-тұғын. Дір-дір етіп, тісі-тісіне тимей үрейленіп отырғанда, Отты шыбық қара бұлтты және бір осып өтті тура көз алдында. С.Сағ.