Posted in

БАБЫНА КЕЛТІРДІ

Жөндеп, түзеп, баптап, жақсы күйге келтірді. ~ Көрпе-жастықты, кілемді қағып-сілкіп самалдаттым. Керуеттің босап кеткен сымының құлағын бұрап, домбыраның шегіндей қылып бабына келтірдім. Т.Бер. ~ Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді… І.Ес. ~ Күлеміс арбаларын қызыл қайыңнан жасайды. Сондықтан ол көп жылға шыдайды. Жұмысын адал атқаратын ол орман ішін кезіп, арбаға қолайлыларын таңдайды да, оларды асықпай бабына келтіреді. С.Мұқ.