Posted in

БАҒЗЫ (БАҒЫ) ЗАМАН

Бұрынғы өткен дәуір, көне уақыт. ~ Бағзы замандардан бері бұл аймақ түйе түлігіне жағдайлы болған деседі. Б.Тоғ. ~ Ата-бабаларымыз баяғы-баяғы, бағзы заманда айтып кеткен: «Кедей бай болсам дейді. Бай Құдай болсам дейді» — деп. Ш.Мұр. ~ Тұрғыны сирек осы биік үстіртте неміс тектілер бағы замандық европа мифтерін сақтап отырғандай сезінді. Ғ.Біл. ~ Қамардың сондағы айтқан әні, қазаққа бағы бір заман белгі етіп қалдырған, әлде бір «қос обаны» еске түсіретін атақты «Гүлдариға» еді. Ж.Ахм. ~ Бұл жөнде бағы заманда ғұламалар шариғат жолына лайықты етіп, жазып кеткен дағуалар бар. М.Әу.