Баяғы өткен уақыт. ~ Ол осы әнді шырқағанда жер жүзіне бағы заманғы қыздың ежелгі қайғысы емес, қазір дұшпанның табаны астында азап шеккен Галялардың зары тарайтын сияқты. М.Кәр. ~ Сен екеуміз не көріп, не кешпедік. Арғы бетте де тұрып көрдік, енді бергі бетте де тұрып жатырмыз. Ондағы да бағы заманнан бері наймандарға қоныс болған өз ауылымыз еді, бұл жақта да… Ә.Әл.
Елдің бірлік-берекеден айрылған, жаугершілікке тап болған қиын-қыстау кезеңі. ~ Орта жүз керей – дағы ауды ма екен, Білмеймін істің алда не боларын. Қай заман, мына заман, бағы заман, Болар ма баяғыдай тағы заман. Қара орман, туған жерім алыс қалып, Қол, дария көздің жасын ағызамын. Қожаберген ж.