Posted in

БАДАНАДАЙ ІРІ (ҮЛКЕН)

Көзге ұрып тұрған үлкен, добалдай. ~ Бұл – Сұлтанның жасырынып жүріп жаздай қазған апаны. Сұлтан астық әкеліпті. Баданадай ірі бидайлар апанға сауылдап құйылып жатыр. Б.Май. ~ Баданадай ірі жұлдыздар бүгін тіпті жерге жақындай түсіп, тамып кетердей мөлтілдеп тұр… Қ.Жұм. ~ Бұл жайға тоқталатын себебіміз: – Күнтай «қара торы» аталатындардың сұлуы еді. Дөңгелек, томпайған қой көзді оның көздерінде ағы аз, қарашығы баданадай үлкен. С.Мұқ.