Әлденеден үріккендей, бақырайған көз туралы. ~ Бадырақ көз, тақыр бас зып берді. Нарботаев етшең қос қолын бірдей үстелдің үстіне қойып, шалқая отырды. К.Сег. ~ “Боталысай” кенішінің автобазасында істейтін Сәтімбек деген шой қара, бадырақ көз жүргізуші жігітті танитын жұрт сәл кекетіңкіреп: Ұялшақ Саша деп атайтын, ішпей жүрсе одан жуас, одан момын жан жоқ, қой аузынан шөп алмастың өзі, аузына тентек су тисе болды кергіп, тісінің арасынан түкірік шашырап, шарасынан атып кете жаздап тұратын көздері шатынап, қып-қызыл болып, сүзетін бұқадай гүжілдеп шыға келеді. Ә.Тар. ~ − Барсақ қайтеді? Ақыры не бітіреміз? Бадырақ көзін бақырайтып, күліп қояды. − Бағымызды сынап көрейік. Әлгі кісіні тапсақ көмектесер. Өзі айтқан… Ш.Мұр.
