Шаңқ еткен қатты дауыс туралы. ~ Ойбай, атам! – деп анадайда баж ете қалды. О.Сәр. ~ Бір мезгілде өкірген сиырдай қараңғы түнді күңірентіп, қатындардың дауысы баж ете түсті. Жан шошырлық бажылға дір етпеген жүрек қалмады. Ж.Айм. ~ — Ей, ей, малды иесіз тастап қайда барасың ей?!— деп, соңымда келе жатқан Дәуір баж ете қалды. Ә.Әб. 126 Үрпек бас бала астына кірпі тастай бергендей селк етіп, көзі шарасынан шықты. – Тоқта, қай жерден суырып алдың! – деп Дерягиннің қимылын аңдып отырған сырттағы бір жігіт баж ете қалды. С.Жүн.
