Posted in

БАЗАРЫ ТАРҚАДЫ

Қызығы кетті, жақсы күндері артта қалды. ~ Бұрынғыдай емес, жанының жарақаты жазылған, басы қисапсыз сұрақтардан қаңырап босаған, көңілі де құсы қайтып, базары тарқаған көл секілді тыншу. О.Бөк. ~ Жаздың базары тарқап, табиғат-ана жер бетін сыпырып-сиырып, тазартып алғысы келгендей желдете ысқырады. Ү.Жлк. ~ Ақтоқтының да көктем базары тарқап, көңіліне жалбыр бұлтты, ызғарлы күз түскендей қамығып, «не болса да, енді осы әурешілік тез бітсе екен» деп өмірден, қызықтан торыға берді. С.Жүн. ~ Әйел көңіліне желік кірсе, әлдекіммен әуейіленсе тірек тапқаны, «сенің базарың тарқап», қызығың таусылғаны. М.Сүнд. ~ Сәмбіл талдай солқылдаған арулардың жанарыңды жаулап алатын бұрынғы ажары азып, базары тарқаған. С.Дос.