Кекетіп, мұқатып, тиісе берді, аяқтан шалды. ~ «Құдайым анау көзілдірікті жігіттің қолына түсіре көрмесін. Әбден мәлтектетті-ау, ә? Не деген пәле… Тіпті бақайдан қағып, сөйлететін емес. Сонша шұқшиғаны несі? М.Сүн. ~ Сен қашаннан бері жетісіп қалып едің. Мені бақайдан қағатын кім едің? Әкеңнің…— деп тереңнен бастап еді, кыли қара оның жағадағы қолын қағып жібергенде Ақназар етпетінен кетті. Б.Қыд. ~ Әй, сен апаңа дауыс көтере берме. Білдің бе?! Meн қазір барып көмектесем. Ертіп келем. — Отыр… Отыр деймін. Істесін, не бітіреді басқа. — Аяқ– табаққа араласып қалған қу емес пе. Жібер мұны… Лайқаты сол, нақұрыстың,— деді Сәрсен бақайдан қағып. М.Сүн.
