Түгел, түгін қалдырмай талдады; бір нәрсеге терең бойлады. ~ … олардың өлеңін сынамай жібере берсең, «шілдірік» сұйық өлеңдері жас әдебиетімізді қотыр ала қойдай болдырады, аздырады. Сондықтан Саматтың өлеңдерін бақайшағын шағып, тәптіштеп қарауды қажет көрдім. Ә.Бөкей. ~ Бала кезімнен аңқаулау едім, біраз нәрсенің бақайшағын шағып, байыбына бармаппын да, біраз нәрсені аңғармаппын – ау. Т.Ахт. ~ …енді ол ескі ұйқастармен ешбір көңіл күйіңді жеткізіп айтып бере алмайсың. 7 буын, 8 буын, 11 буын дегендердің де бақайшағын шағу керек, олардың енді қол орамал ғұрлы пайдасы жоқ! Ғ.Қаб.
