Ырду-дырду, мағынасыз д.м. ~ Есік-терезені қымтап есірік музыканы барымен қойып, жын соққандай есі ауғанша, қуат-демі таусылғанша секектеп билеп те көрді. Би емес, бақсының жыны еді мұныкі. Қ.Жиен. ~ Төренiң түк таппағандай баланың ойыны, бақсының жыны сияқты бiрдеңелердi ермек қып кеткенiн көрген ағайындар оның денiнiң саулығына күмәнмен қарай бастаған. К.Сег. ~ …осы бiр қиюы қашқан қисынсыз дауға өзi билiк айтуды ұсынған Нұрәлiге баланың ойыны, бақсының жыны сияқты әрекетi үшiн өкпе-наз айтуына болар едi. К.Сег.
