Posted in

БАҚЫЛ БОЛ

Көз жұмар алдындағы қоштасу сөзі. ~ Дәу апаны кемпірлер алма-кезек құшақтап “Қандай-қандай күн болады, көре алмай кетсек бақыл бол!” десіп, аңырап, әндетіп жұрттың топсасын босатты. С.Елу. ~ «Аяулы жеңгем, сен о дүниеге жүргелі жатқаныңда, ең болмаса басыңда отыра алмадым, көзіңді өз қолыммен жауып, ақырғы бауырлық «Бақыл бол» деген сөзімді айта алмадым. І.Ес. ~ Кешір, Байбала, сен табиғаттың дүлей күшінің емес, біздің дәрменсіздігіміздің құрбаны болдың. Бақыл бол, қайран қарт, қайсар емен! К.Қаз.