Posted in

БАҚЫЛ БОЛДЫ

Риза болды, келісті, мойын ұсынды. ~ Жұмабике осы мезетте Айшуақтың қолынан өліп кетуге де бақыл болып, шамырқана: ─ Күнбала жүкті боп қалыпты, өлтірсең де өзің білесің! – деп еді … С.Омар. ~ Әттең, Ақан сері алмайды ғой, біреудің қалған-құтқанын қайтсын. Әйтпесе бұл үйдің төрінде жатқанша, серінің босағасында өлуге бақыл болар ем,— деп теріс айналып, есікті аша беріп еді, қос бұрымынан жұлынып, ұршықша үйіріліп барып қалай төрге мұрттай ұшқанын білмей қалды. С.Жүн.