Жүзі ерекше нұрға бөленіп, шырайланды. ~ Келеді, кетеді, анда-санда дос қыздары телефон шалады. Ондайда бал-бұл жанып, құлпырып кетеді. М.Қаб. ~ Күлім-күлім етіп, кездемені кеудесіне басты. Әкесіне де, шешесіне де бал-бұл жанып қарай берді. К.Қаз. ~ Бөлмеге қайта кірген Мәрия айнаның алдына келіп сылана бастады. Ұйқысы қанып, салқын сумен жуынғанға өңі бал-бұл жанып, шырайлана түскен. Қ.Жұм. ~ Тотияның күлімдей салатын әдеті еді. Ал мына таңда қызыл шырайлы домалақ беті ерекше бал- бұл жайнайды. Ш.Мұр.
