Мерзімінен бұрын босанып, өлі туды; түсік тастады. ~ Ел-ай… мен сендерге не қылдым? Ауылыма ат ойнатып, үрейімізді ұшырдыңдар ғой… Қатындарымыз бала тастап, қазанымыз шағылып, шашылып қалдық. Не қылсаңдар да орысқа біздің ауылдан аулақ апарып қылсаңдаршы, орысты мен шақырып келгенім жоқ еді…— деп жыламсырағандай болып, монтаң қақты. І.Жан. ~ Жүреміз өстіп. Таң атқанша, қатып өлсек те.” “Мына суықта қатының бала тастаса, қайтесің?” Н.Дәу. ~ Осылардан басқа арызға бел болғандай тағы бір ерекше жай, «Мамозы салған ойраннан шошынған екі қабат әйел бала тастады. Жазықсыз бір адамның егіс кезінде қолын сындырды. Одан басқа Мамозы өлімше ғып сабап кеткен бір шеру қазір қауіпті халде жатыр». Шеру сөзі осылар. Ж.Ахм.
