Posted in

БАЛДАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢДІ

Бөтен ортаға еркін еніп, кірігіп кетті; барған жеріне ұнамды болды.~ Ал осындай кең жаны,
жылы жүрегі, еріген бауыры бар елдің басқа халыққа балдай батып, судай сіңер дәстүрі,
әдеті, әдебі адамзаттың бар ұрпағына ортақ болса артық бола ма, інім. Б.Қыд. Жаңа ортаға ұнамды болды, бойы үйреніп, сіңісіп кетті. ~ Оның арты тегі Ажы руынан емес. Жас кезінде еліне өкпелеп біржола кетіп, осында сіңген арғын атаның бір бұтағы. Бірақ оны ешкім кірме демейді. Осы ауылға балдай батып, судай сіңіп, қадірлі қарты болды. Қолының өнерімен көпке жақты. К.Қаз.