Адам қанша жақсы болса да, өзін қанша артық санаса да, туған тегінен, тәрбие алған ортасынан алыстап, озып кетпейді д.м. ~ Әбділдә. Көтермейсің. Бәрекелді, балта сабынан озбайды. Жат мінезді олар бастаған соң, сен неге тұрасың? М.Әу. ~ «Шабаннан – желмес, сараңнан – бермес туады» деген, әкең екі итке ас бөліп бере алмайтын ынжық еді, балта сабынан озар деймісің, тәңірім. О.Бөк. ~ Емберген, сен бізді басынба! Біз де қатыннан туғанбыз. «Балта сабынан аспайды» деген. «Еруліге қарулы» деген және бар. Батылдық та, базыналық та екі жаққа бірдей болсын. Т.Әл. ~ Балта сабынан озбайды, Соқыр көргенін жазбайды. М.-М.
